Ермахан Ыбрайымов: «2000-шы жылы маған кәсіпқой боксқа ауысу туралы ұсыныс келді»

Ермахан Ыбрайымов: «2000-шы жылы маған кәсіпқой боксқа ауысу туралы ұсыныс келді»

Бокстан Олимпиада чемпионы Ермахан Ыбрайымовтың «PROCПОРТ» тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатын назарларыңызға ұсынамыз.

- Сәлеметсіз бе, Ермахан аға. Головкиннің соңғы жекпе-жегін көрдіңіз бе?

- Иә, әрине. Геннадий Головкин мен Марко Антонио Рубио бір деңгейлі боксшылар емес. «Айдағаны бес ешкі, ысқырығын жер жарады» деген қазақтың мақалы осы Рубиоға қатысты. Мексика мен Қазақстанның бокс деңгейі әртүрлі. Сондықтан ол Генаға қарса тұра алмады.

- Генадий қарсыласын тез арада құлатады деп ойладыңыз ба?

- Өз басым нокаут 3-5 раундтарда болады деп ойладым. Бірақ, Геннадий жекпе-жекті үш раундқа жеткізбеді. Рубионың деңгейі өте деп айта алмаймын, ол да тәжірибелі боксшы, 65 кездесу өткізді. Дегенмен, Головкин одан әлдеқайда мықты.

- Сіздің ойыңызша, Головкинге қарсы тура алатын боксшы бар ма?

- Головкиннің салмағында оған қарсылас жоқ. Геннадий жоғары салмаққа көтерілсе, онда ресейлік боксшылар бар. Мәселен, Сергей Ковалев. Кезінде Дмитрий Пирог деген жақсы боксшы болған Генаның салмағында. Міне, осы боксшылармен жұдырықтасса кездесу барлық 12 раундқа созылар еді деп ойлаймын. Сондада Гена оларды ұтар едідеп ойлаймын.

- Кәсіпқой бокста өнер көрсетіп жүрген өзге қазақстандық боксшыларымыз жайлы не айта аласыз?

- Кәсіпқой бокстағы жерлестеріміздің саны жыл сайын артып келеді. Ал мына бұрыннан бері өнер көрсетіп келе жатқан боксшылардан Бейбіт Шүменовті айта аламын. Соңғы кездесуінде жеңілгеннен кейін ол басқа қырынан дайындалуда. Болашақта әлем чемпионы болатын мүмкіндігі, жағдайы бар. Тағы бір боксшымыз – Қанат Ислам. Бауырымыз жарқын жеңістерімен көзге түсіп жүр. Қанаттың нокаутқа жіберетін жойқын соққысы бар. Ол да жуық арада әлем чемпионы атанады деп сенемін. Басқа да жас боксшыларымыз бар, олар жайлы айту әлі ерте...

- Жақында ғана Азия ойындары аяқталды. Қазақстандық боксшылардың көрсеткен нәтижесіне көңіліңіз толды ма?

- Алты алтын медаль жеңіп алу бұрын соңды тарихта болмаған жайт. Бұл нәтиже мені өте қуантты. Енді осы межеден түспеуіміз қажет.

- Соңғы әлем чемпионаты мен Азия ойындарындағы нәтижені ескере отырып, Қазақстан Кубаны озып, бокстан әлемдік державаға айналды деп айтуға болады ма?

- Өте дұрыс айтып отырсыз. Ересектер арасындағы әлем чемпионаты, Азия ойындары, жасөспірімдер арасындағы жарыстар болсын, соңғы екі жылдағы жеткен нәтижеміз көз қуантады. Азия құрлығында #1 держава болсақ, енді әлем бойынша бірінші орынға шығып отырмыз. Бұл, әрине қуантарлық жайт. Бірінші орынды алып чемпион болу оңай емес, сол деңгейден түспей тұру да қиын. 2015-шы жылы Катар бокстан әлем чемпионатын қабылдайды, сонда біз өзіміздің мықтылығымызды дәлелдеуіміз керек.

- РИО-да өтетін Олимпиада ойындарынан біздің жігіттер олжалы оралама, қалай ойлайсыз?

- Олимпиада кең көлемде өтетін ауқымды жарыс. Қай спорттан болсын. Әлем чемпионатындағыдай нәтиже бола қоймас. Дегенменде, Қазақстан Олимпиада ойындарынан кем дегеңде екі алтын медаль алуға мүмкіндігі бар.

- Әуесқой бокстан кәсіпқойға ауысқан талай жігіт сізден таяқ жеген. Неліктен сіз қалып қойдыңыз әуесқой деңгейде?

- 28 жасымда Олимпиада жеңімпазы атандым, бұл кішкене кештеу. Сондықтан кәсіпқойға өтіп бәрін басынан бастау қиын көрінді маған. Әйтпесе 2000-шы жылы маған кәсіпқой боксқа ауысу туралы Америкадан ұсыныс келді. Канадалық промоутерлер менімен келіссөз жүргізді. Австралиядадан менеджерлер хабарласқан. Олимпиада чемпионы болып мансабымды аяқтағаныма еш өкінбеймін. Ал егерде кәсіпқой боксқа ауыссам бірталай чемпиондардың сағын сындыраредім (күлді).

- Бала күніңіздегі кумиріңіз кім болды?

- 1980-ші жылы Олимпиада ойындарында Жақсылық Үшкемпіров, Серік Қонақбаев сияқты Қазақстаннан шыққан чемпиондарымызға ұқсағымыз келді. Сол арман оты бізді бокс залына жетелеп әкелді.

- Қазіргі жас боксшыларға қандай ақыл-кеңес береcіз?

- Ешнәрседен қаймықпау керек. Үлкен-үлкен межелерден артқа шегінбеу керек. Тек қана алға ұмтылып, өзінің жалқаулығын, еріншектігін жеңе білу керек. Өз-өзін жеңген боксшы ғана қарсыласын жеңе алады.

Сұхбаттасқан: Қайсар ОҚАС

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или