Конфедерация басшылығы спортшыларды марапаттады

Конфедерация басшылығы спортшыларды марапаттады

Астанада Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері Конфедерациясына қарайтын спорт түрлерінен XVII Жазғы Азия ойындарында жеңімпаз және жүлдегер атанған спортшыларды марапттау рәсімі өтті, деп хабарлайды «PROСПОРТ»

Спортшыларға Қазақстан бокс федерациясының президенті Тимур Құлыбаев, «Самұрық-Қазына» қорының басқарушы директоры Дархан Қалетаев, күрес түрлері федерациясының президенті Сауат Мыңбаев, таэквондо федерациясының президенті Вячеслав Ким және ауыр атлетика федерациясының президенті Жанат Түсіпбековтер сертификат табыстады.

Сонымен қатар, салтанатты шараға ҚР Мәдениет және спорт министрлігі спорт комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов, Конфедерация мен федерация басшылары, спортшылар мен бапкерлер және БАҚ өкілдері қатысты.

Еске сала кетейік, Инчхондағы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы 28 алтын, 23 күміс және 33 қола медаль иеленіп, жалпы есепте төртінші орынға тұрақтады. Ал, Конфедерация спортшылары 9 алтын, 12 күміс және 11 қола медальға иелік етті.

confederation.kz сайтының ақпараты бойынша

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или