Әбілхан Аманқұл Олимпиадаға іріктеу турнирінің финалына шықты
Қазақстандық боксшы Әбілхан Аманқұл Иорданияда өтіп жатқан Олимпиадаға іріктеу турнирінің финалына шықты.
75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан Әбілхан Аманқұл жартылай финалда қытай боксшысы Таңатқан Тоқтарбекті жеңді.
Осылайша бұған дейін Олимпиада жолдамасын иеленіп қойған ол іріктеу турнирінің алтын жүлдесіне таласатын болады.
Айта кетейік, бұған дейін финалға Закир Сафиуллин мен Василий Левит өткен еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или