Абылайхан Жүсіпов Олимпиадаға іріктеу турнирінде жартылай финалында сүрінді

Абылайхан Жүсіпов Олимпиадаға іріктеу турнирінде жартылай финалында сүрінді

Бокстан Амманда өтіп жатқан Олимпиадаға іріктеу турнирінде жартылай финал жекпе-жектері жалғасып жатыр. 69 келіде жұдырықтасқан Абылайхан Жүсіпов аймақтық іріктеу додасының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Финал жолдамасы үшін өткен жекпе-жекте Абылайхан үндістандық Викас Киршанмен қолғап түйістірген болатын.

Абылайдың бұл жолғы қарсыласы қарымды болып шықты. Қазақстандық боксшы бар күшін салғанымен, үнділік спортшының соққылары ауыр тиді.

Нәтижесінде, төрешілер жеңісті Киршанға берді. Абылайхан Жүсіпов Токио Олимпиадасының жолдамасымен қатар, турнирдің қола жүлдесін иеленіп отыр.

Сафиуллин Олимпиада ойындарына лицензия жеңіп алды

Қоржында сегіз жолдама: Серік Теміржанов Токио Олимпиадасына жолдама алды

Шетелде тұратын екі этникалық қазақ Олимпиадаға жолдама алды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или