«Астана» эстониялық командадан жеңіліп қалды
«Астана» ВТБ Біріккен Лигасының кезекті турында таллиндік «Калев» командасын қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қос команданың бұл маусымдағы алғашқы кездесуінде елордалықтар жеңіліп қалған. 25 қарашада Эстония астанасында өткен ойын 84:76 есебімен аяқталған болатын.
Бүгінгі кездесу қазақстандық команда үшін есе қайтаратын мүмкіндік еді. Алайда қонақтар тағы да жеңіске жетті. Қорытынды есеп - 78:83.
«Астана» (Нұр-Сұтлан) – «Калев» (Таллин) 78:83 (21:22, 18:15, 16:22, 23:24)
«Астана»: Холт (19), М. Хилл (17, 6 передач), Ристич (17, 13 подборов), Крокетт (11), Флоренс (5), Д. Хилл (4, 7 передач), Жигулин (3), Гаврилов (2).
«Калев»: Виналес (26, 9 передач), Йоэсаар (23, 11 подборов), Коттон (8), Сокк (8), Финке (8), Китсинг (5), Кангур (3), Киллеа-Джонс (2).