Бокс

Абылайхан Жүсіпов Олимпиадаға жолдама алды

Абылайхан Жүсіпов Олимпиадаға жолдама алды
news-banner7
mobile-news-top

Амман қаласында (Иордания) бокстан Токио Олимпиадасына аймақтық іріктеу турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ерлер арасында 69 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов жартылай финалға жолдама алды.

Отандасымыз ширек финалда Таиланд боксшысы Масуук Вуттичайді 5:0 есебімен жеңді. Осылайша, Абылайхан Олимпиада ойындарына жолдама алды.

Айта кетейік, бүгін тағы екі боксшымыз шаршы алаңға шығады. Олар Бекзат Нұрдәулетов (81 келі) пен Василий Левит (91 келі).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер