Live
Спорттағы коронавирус

Еуропада сары қағаз үшін футболшыны алаңнан уақытша қуатын болады

Еуропада сары қағаз үшін футболшыны алаңнан уақытша қуатын болады

Нидерланд футбол федерациясы әлемде бірінші болып жастар лигасының матчтарында жаңа ережені сынап көреді.

Футболдың бірқатар ережесіне өзгеріс енгізбек. Біріншіден, доп аутқа кеткен соң оны қолмен лақтырмай, аяқпен теуіп бастауға рұқсат етеді. Екінші ереже, айып добын өз еркімен бастауға негізделген. Үшінші әрі ең маңызды өзгеріс, сары қағаз үшін ойыншы алаңнан уақытша қуылып және алмасуға рұқсат етілген ойыншылар санын ұлғайтуға қатысты.

Бұған дейін УЕФА офсайд ережесін өзгертуді қолға алған еді. Бұдан былай футболшы бір сантиметрге ойыннан тыс қалса офсайд саналмайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0