Велоспорт

«Астана» велокомандасы 20 наурызға дейінгі жарыстарға қатыспайды

«Астана» велокомандасы 20 наурызға дейінгі жарыстарға қатыспайды
news-banner7
mobile-news-top

«Астана» велокомандасы әлемде коронавирустың таралуына байланысты алдағы 15 күнде өтетін жарыстарға қатысудан бас тартты, деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Команда мүшелері бүгіннен бастап 20 наурызға дейінгі турнирлерге қатыспайды. Команда менеджменті мен дәрігерлер бірлесе отырып осындай шешім қабылдаған. «Бұл қадам арқылы біз велоспортшылар мен команда қызметкерлерінің денсаулығын сақтауды көздейміз. Коронавирустың әлем бойынша қарқын алғаны бізді алаңдатып отыр. Әрине, біз барлық жарысқа қатысуды көздегенбіз. Бірақ біз үшін спортшылардың денсаулығы маңызды. Алда бізді өте маңызды ірі жарыстар тұр. Бұл өте қиын шешім, дегенмен, біз өз спортшыларымызды қорғауымыз қажет», - дейді бас менеджер Александр Винокуров. Жоғарыдағы шешімге байланысты «Астана» командасы төмендегі турнирлерге қатыспайды: «Страде Бьянке», «Париж – Ницца» и «Тиррено – Адриатико».

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер