Бекзат Нұрдәулетов іріктеу турнирін сәтті бастады
Амман қаласында (Иордания) бокстан Токио Олимпиадасына аймақтық іріктеу турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
5 наурызда қазақстандық боксшылардан екінші болып шаршы алаңға шыққан Бекзат Нұрдәулетов (81 келі) еш қиындықсыз жеңіске жетті.
Жас әлем чемпионы Бекзат алғашқы жекпе-жегінде Жаңа Зеландия өкілі Жером Помпеллонені 5:0 есебімен жеңді.
Бұған дейін Зәкір Сафиуллин (63 келі) ширекфиналға жолдама алған болатын.
Айта кетейік, бүгін кешкі сессияда 75 келідегі Әбілхан Аманқұл Оңтүстік Корея өкілі Ким Жинжиямен кездеседі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или