Іріктеу турнирі: 5 наурызда шаршы алаңға кімдер шығады

Іріктеу турнирі: 5 наурызда шаршы алаңға кімдер шығады

Иорданияның Амман қаласында бокстан Азия/Океания аймақтық іріктеу турнирінің кезекті жарыс күні басталады. Бүгін Қазақстан сапынан үш боксшы шаршы алаңға шығады. 

Нұр-Сұлтан уақытымен 15:00-де басталатын күндізгі сессияда екі боксшымыз жұдырықтасады. 

63 келідегі Зәкір Сафиуллин қытайлық Жанг Шанмен кездессе, 81 келідегі Бекзад Нұрдәулетов Жаңа Зеландия өкілі Жером Помпеллонеге қарсы шығады. 

21:00-де басталатын кешкі сессияда 75 келідегі Әбілхан Аманқұл Оңтүстік Корея өкілі Ким Жинжиямен кездеседі. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или