Дзюдодан Рабат Гран-приі өтпейтін болды

Дзюдодан Рабат Гран-приі өтпейтін болды

Дзюдодан Рабатта (Марокко) өтуі тиіс болған әлемдік Гран-при кезеңі өтпейтін болды. Бұл туралы халықаралық дзюдо федерациясы ресми сайтында мәлімдеді.

Халықаралық дзюдо федерациясының күнтізбесіне сәйкес рейтингілік турнир 6-8 наурыз күндері өтуі тиіс еді. Марокко үкіметі коронавирус эпидемиясының таралуының алдын алу мақсатында елде болатын барлық қоғамдық іс-шаралар мен спорттық шараларды уақытша тоқтатты. 

Аталған додаға қатысу үшін әлемнің 94 елінен 561 дзюдошы тіркелген болатын. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или