Әлімханұлы америкалық боксшымен спарринг өткізді

Әлімханұлы америкалық боксшымен спарринг өткізді

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) келесі жекпе-жегіне дайындықты жалғастырып жатыр, деп жазады Prosports.kz.

Дайындық аясында Жәнібек WBC Continental Americas және NABA белдіктерінің бұрынғы үміткері Рональд Эллиспен (17-1-2, 11 KO) спарринг өткізді. 

Бұл туралы қазақстандықтың жаттықтырушысы Джеймс «Бадди» Макгирт инстаграм желісінде мәлімдеді. 

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы келесі кездесуін 28 наурызда Квебекте (Канада) өткізеді. Қарсыласы әлі ресми жарияланған жоқ. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или