Андрей Назаров: «Бүгін қақпашылар қырағы ойнады»

Құрлықтық хоккей лигасының кезекті ойынында «Барыс» тольяттиялық «Ладаны» жеңді, деп хабарлайды PROCПОРТ».

«Барыстың» бас бапкері Андрей Назаров:

– Бүгінгі матч өткен жолғы сыртта өткізген ойынға ұқсас болды: бүкіл матч бойы жеңімпаз анықталмай, тек соңында ғана кездесу тағдыры шешілген болатын. Мен мұндай кездесуді қақпашылардың ойыны деп атаймын. Егерде өткен матчта Ежов қырағылық танытса, бұл жолы Лацо тамаша ойын өрнегін көрсете білді. Оны жеңісімен құттықтағым келеді. Ойын өте жылдам өтті: бәрі шапшаң қимылдап, жеңіске жетуге құлшыныстарын білдірді. Жанкүйерлерге ұнады деп ойлаймын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или