«Астана» маусымды «Жас Қыран» стадионында бастайды

«Астана» маусымды «Жас Қыран» стадионында бастайды

«Астана» маусымды Алматыдағы «Жас Қыран» стадионында бастайды, деп хабарлайды Prosports.kz команданың ресми сайтын сілтеме жасай отырып.

«Астана» футбол клубы «Астана Арена» спорт кешеніндегі жөндеу жұмыстарына байланысты маусымды басқа стадионда бастауға мәжбүр.
Михал Билек шәкірттері маусымның басындағы ойындарын Алматы қаласындағы «Жас Қыран» стадионында өткізеді.
Бұл стадионда 2018 жылдың қараша айында ФИФА сертификатын алған жасанды алаң төселген. Стадионның сыйымдылығы 1500 адамға шақталған.
Алғашқы ойын «Жас Қыран» стадионында 7 наурыз күні өтеді. Бұл күні «Астана» «Қызыл-Жар СҚ» командасын қабылдайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или