Хоккей

ҚХЛ: «Барыс» плей-офф кезеңін жеңіспен бастады

ҚХЛ: «Барыс» плей-офф кезеңін жеңіспен бастады
news-banner7
mobile-news-top

«Барыс» хоккей клубы Гагарин кубогы 1/8 финалының алғашқы матчын өткізді, деп жазады Prosports.kz.

Елордалықтардың ҚХЛ плей-офф кезеңіндегі бірінші қарсыласы Магнитогорскінің «Металлург» командасы болатын.

Қазақстан астанасында өткен алғашқы ойын алаң иелерінің айқын жеңісімен аяқталды. Андрей Скабелка шәкірттері қонақтар қақпасына жауапсыз төрт шайба соқты.

«Барыс» - «Металлург» 4:0 (1:0, 1:0, 2:0)

1:0 - Волк (Михайлис) - 13:37 ГБ

2:0 - Охтамаа (Сведберг) - 28:53

3:0 - Пакаринен (Виделль) - 57:48

4:0 - Диц (Михайлис) - 59:12 ГБ

Қақпашылар: Паскуале - Кошечкин

Сериядағы есеп: Барыс - Металлург 1:0.

Айта кетейік, плей-офф кезеңіндегі ойындар төрт жеңіске дейін жалғасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер