Қазақстандық WBO чемпионы жеңіліп көрмеген панамалық боксшымен жұдырықтасады

Қазақстандық WBO чемпионы жеңіліп көрмеген панамалық боксшымен жұдырықтасады

Бірінші жартылай орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жанқош Тұраровтың келесі қарсыласының есімі белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

BoxRec порталы хабарлағандай, Алматыдағы Halyk Arena кешенінде жоспарланған бокс кешінде жерлесіміз жеңілістің ащы дәмін татпаған панамалық Александр Дюранмен жұдырықтасады. 27 жастағы боксшы профи-рингте 20 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Айтпақшы, 29 жастағы Жанқош та 24 кездесу өткізіп, оның бәрінде жеңіске жетті.

Еске сала кетелік, Тұраров - WBO Inter-Continental белбеуінің иегері.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или