Әлем боксшылары қазақстандықтың құрметіне берілетін премияға үміткер бола алады

Әлем боксшылары қазақстандықтың құрметіне берілетін премияға үміткер бола алады

Осы жылдан бастап кез келген елдің боксшысы «I SULEIMEN AKDRASHEV AWARD 2020» әлемдік марапатына үміткер бола алады, деп хабарлайды Prosports.kz.

WBC ресми сайтында хабарланғандай, жүлдені қазақстандық Suleimen Promotions промоутерлік компаниясы құрған және ол боксшыларды қолдауға бағытталған.

Боксшы кокурсқа әлемнің кез-келген елінен қатыса алады. Негізгі шарт - өзінің әлеуметтік және қоғамдық өмірге қосқан үлесі туралы жазу.

Жарыстың жүлде қоры 5 мың АҚШ долларын құрайды, жеңімпаз WBC жасыл және алтын белбеуінің миниатюралық көшірмесін алады.

Эссе ағылшын немесе испан тілдерінде жазылуы және мыңнан аспайтын сөзден тұруы керек. Өтінімдерді қабылдау - 10 наурызға дейін. Жеңімпаз 20 наурыз күні қазылар алқасының шешімімен белгілі болады, оның құрамына әлемдік бокстың бес танымал өкілі кіреді.

Сыйлық 24 жасында өмірден өткен Сүлеймен Ақдрашевтың есімімен аталады. «Suleimen Promotions» боксшының өзінің жобасы болатын, қазіргі уақытта оның әкесі мен туыстары кәсіпқой боксты Қазақстанда мен шетелде насихаттап, әрі дамытып, Сүлейменнің ісін одан әрі жалғастырып келеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или