Қазақстан қыздар құрамасына жаңа бапкер тағайындалды

Қазақстан қыздар құрамасына жаңа бапкер тағайындалды

Бокстан Қазақстан жасөспірім қыздар командасын Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Елдос Сайдалин басқарады.

34 жастағы Сайдалин АҚШ Ұлттық Олимпиадалық комитеті мен Делавэр университеті бірлесіп дайындаған ХОК-тің халықаралық бағдарлама бойынша арнайы курсты тәмәмдады.

Сондай-ақ, ол 2004 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатының жүлдегері, ересектер арасындағы Азия чемпионатының финалисті және 2004-2005 жылдары ел біріншілігінің жеңімпазы атанған.  Жаңа бапкер қыздар арасындағы ел чемпионатында іріктеу өткізіп, жас боксшылардың қарқынына жоғары баға берді. 

«Команда жақсы деңгейде. 2020 жылы өтетін ең маңызды бәсеке – Азия және әлем біріншіліктері. Жасөспірім қыздар «Азия балалары» спорттық ойындарына қатысады. Енді бізге бірлескен оқу-жаттығу жиындарын өткізу қажет», - дейді Елдос Сайдалин. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или