Дзюдо

Қазақстан құрамасы Grand Slam жарысында жүлдесіз қалды

Қазақстан құрамасы Grand Slam жарысында жүлдесіз қалды
news-banner7
mobile-news-top

Германияның Дюссельдорф қаласында дзюдодан өтіп жатқан әлемдік Grand Slam жарысында Қазақстан құрамасы жүлдесіз қалды.

Жарыстың соңғы күнінде ерлер 90, 100 келіге дейін және 100 келіден жоғары салмақта, ал әйелдер 78, 78 келіден жоғары салмақта өзара мықтыны анықтауда.

Қазақстандық дзюдошылар іріктеу кезеңінде іркіліп, жарысты сәтсіз аяқтады.

90 келіде татамиге шыққан Ислам Бозбаев алғашқы қарсыласын жеңіп, екінші кезеңде өзбекстандық Давлат Бобоновқа есе жіберді.

78 келіге дейінгі салмақта белдескен Зарина Райфова да екінші айналымда жарыстан шықты.

Ал Ерсұлтан Мұзапаров (100 кг), Виктор Демьяненко (-100 кг), Айбек Серікбаев (-100 кг) және Камила Берліқаш (+78 кг) алғашқы айналымда-ақ қарсыластарына жол берді.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер