Бойченко «Атыраудың» жаттықтырушылар құрамын толықтырды

Бойченко «Атыраудың» жаттықтырушылар құрамын толықтырды

42 жастағы қазақстандық жаттықтырушы Сергей Бойченко «мұнайшылардың» жаттықтырушылар құрамын толықтырды, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасының экс-қақпашысы - Семей футбол мектебінің түлегі. Ол семейлік <span>«Елімай» және «Спартак», өскемендік «Восток-Алтын», «Астана», «Ақтөбе», алматылық «Қайрат» және шымкенттік «Ордабасы» клубтарында тер төкті</span>.

2005-2006 маусымда Сергей Бойченко «Қайраттың» қақпасын күзетіп,  921 минут бойы қақпасына гол өткізбеді.

Сондай-ақ, 2012-2013 жылдар аралығында Бойченко «Атырау» сапында ойнады. Бапкер ретінде ол соңғы екі маусымды «Ақтөбеде» өткізді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или