«Барселона» Онананы қатарына қосуы мүмкін
Diario Sport басылымының хабарлауынша «Аякс» футбол клубының қақпашысы Андре Онана «Барселонаға» ауысуы мүмкін. <br />
«Барселона» 23 жастағы қақпашыға көз назарын тігуде. Бірақ Онанаға басты үміткер лондондық «Челси» болып отыр.
Андре Онана «Барселона» академиясында бес жылдай тәрбиеленген. 2015 жылдан бері голландиялық «Аякс» сапында өнер көрсетеді. <br />Биылғы маусымда 21 кездесуге қатысып, 8 рет қақпасын құрғақ сақтап қалған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или