Ілияс Сүлейменов APB кездесуінде алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Қазақстандық боксшы Ілияс Сүлейменов APB-ның алғашқы кездесуінде Жасұрбек Латиповты жеңіп, осындай жетістікті қайталаған үшінші боксшы атанды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Матч Новосибирскіде 52 келіге дейін салмақ дәрежесінде өтті. Бір қызығы, Сүлейменовтың қарсыласы 2013 жылғы әлем чемпионатының финалисі болған.

Естеріңізге сала кетсек, екі күн бұрын кәсіпқой бокста Берік Әбдірахманов (60 кг) пен Антон Пинчук (91 келіге дейін) жеңіске жеткен еді.

1 қарашада Қытайда жергілікті спортшы Лу Бинге қарсы әлем чемпионы Біржан Жақыпов шығады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или