Бокстан Қазақстан құрамасы қалай жасақталды?

Бокстан Қазақстан құрамасы қалай жасақталды?

Бокстан Иорданияның Амман қаласында өтетін Азия және Мұхит елдері аймақтық лицензиялық турнирге қатысатын Қазақстан құрамы жасақталды. Бас бапкер Ғалымбек Кенжебаев іріктеу додасына қатысатын боксшыларға тоқталып, олардың не себепті таңдалғанын түсіндірді.

«52 келіде Сәкен Бибосыновқа таңдау түсті. Өйткені, Сәкен осы салмақта әлем чемпионатының қола жүлдегері. Нұр-Сұлтанда өткен Президент кубогі мен Жапониядағы тестілік турнирде топ жарғаны тағы бар. Сондықтан, ол жеңіл салмақтың үздігі саналады. 

57 келідегі Серік Теміржанов Қазақстан біріншілігінің жүлдегері, жастар арасындағы Азия чемпионы. Ақтауда өткен Шоқыр Бөлтекұлын еске алуға арналған  халықаралық турнирде жеңіске жетті. 

63 келідегі Зәкір Сафиуллин командадағы тәжірибелі боксшылардың бірі. Ел чемпионатында бірнеше рет көш бастады, Азия біріншілігінің күміс жүлдегері. Ардагер спортшылардың бірі. 

69 келідегі Абылайхан Жүсіпов таныстыруды қажет етпейді. Олимпиада ойындарының қатысшысы, екі мәрте әлем чемпионатында үштікке енді. 

75 келіде іріктеу турниріне Әбілхан Аманқұл барады. Ол 2017 жылғы әлем чемпионаты мен 2018 жылғы Азия ойындарының күміс жүлдегері. Ақтаудағы халықаралық турнирде өзінің басты қарсыласы Тұрсынбай Құлахметті жеңді. 

81 келідегі Бекзад Нұрдәулетов 2019 жылғы әлем чемпионы екенін жақсы білесіздер. 

91 келіде Азия чемпионы, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, әлем чемпионаттарының жүлдегері Василий Левитке сенім артып отырмыз. 

Аса ауыр салмақта команда капитаны әрі әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев ел намысын қорғайды. 

Боксшылардың барлығы да үлкен сынақтан өтті. Бәрі де лицензияға таласуға дайын», - дейді бас бапкер. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или