«Боксшы» фильмінде Серік Сәпиевтің рөлінде кім ойнайды

«Боксшы» фильмінде Серік Сәпиевтің рөлінде кім ойнайды

Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевтің спорттық және өмір жолына арналған Ақан Сатаевтың «Боксшы» фильміндегі басты рөлді сомдайтын актер белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Сәпиептвң рөлін жас актер Смадиар Сабыров ойнайды. Смадиар үшін бұл кино дебют болғалы отыр.

Бұл туралы Ақан Сатаев Instagram-дағы жеке парақшасында жазды. 

- Сомдалатын образ күрделі және жауапты, актерден қарқынды физикалық дайындықты талап етеді.

Смадиардың бокста үлкен тәжірибесі бар. Оған қарамастан, қазiр күн сайын тәжірибелі бапкермен бокстан жаттығу үстінде және актерлік шеберліктің қыр-сырын танып, маңызды рөлге дайындалуда, - деп жазды Сатаев.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или