«Астанаға» Кипр құрамасының шабуылшысы ауысады
Кипр құрамасы мен даниялық «Копенгаген» шабуылшысы Пиерос Сотириу елордалық «Астана» сапына ауысуға жақын, деп хабарлайды Prosports.kz.
Kerkida.net порталының мәліметіне сенсек, 27 жастағы футболшы бүгін Түркияда ОЖЖ өткізіп жатқан «Астана» сапына қосылады. Қазақстан чемпиондары Сотириуді жыл аяғына дейін жалға алады.
Пиерос Сотириу грекиялық «Олимпиакос» клубының түлегі. Кәсіпқой футболдағы мансабын Пиерос 2009 жылы осы команда сапына бастады.
Кипр құрамасы қатарында 2012 жылдан бері 30 ойын өткізіп, 6 гол соққан.
2013-2017 жылдар аралығында кипрлік АПОЭЛ сапында 73 матчқа қатысты. 35 рет мергендік танытты.
2017 жылдың жазында «Копенгаген» клубына 2,5 миллион еуроға ауысты.
Тағы да трансферлер жайлы:
<span>«Қайратта» екі Месси, «Астана» батысқа бағыт алды. ҚПЛ-дағы алыптардың трансферлері</span>