Қазақстандық 3 ауыр атлет Азия чемпионатының жүлдегері атанды
Қазақстандық үш спортшы жасөспірімдер арасында ауыр атлетикадан Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында жүлдегер атанды.
Қазақстан ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Абылай Әуелханов, Гүлнұр Ыбырай және Сайрамкез Ақмолда жүлдеге ілікті. А.Әуелханов 55 кг салмақта қоссайыс қорытындысында 227 кг (97+130) көтеріп, жасөспірімдер арасында екінші, юниорлардан үшінші орынға ие болды.

Г.Ыбырай 64 кг салмақта 198 кг (88+110) нәтижемен қыздар арасында жеңімпаз атанып, юниорлардан екінші орынға көтерілді. С.Ақмолда 61 кг салмақта 267 келіні (117+150) бағындырып, юниорлардан үздік үштікті түйіндеді.
Айта кетейік, 20 ақпанға дейін созылатын чемпионатқа Қазақстаннан 10 атлет қатысуда.