Нұрзат Сабыровтың қарсыласы ауысты
Кәсіпқой рингте жеңіліп көрмеген қазақстандық Нұрзат Сабыров Канадада басқа боксшымен кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.
26 жастағы қазақстандық нокаут Канаданың Римуски қаласында аргентиналық Элио Гарман Рафаэльмен кездесуі жоспарланған еді. Бірақ қазір BoxRec порталы Сабыровты "Тайсон" лақап атымен танымал мексикалық Рикардо Андриан Луна Флореспен жұдырықтасады деп жазған.
Айта кетейік, бұған дейін Нұрзат барлық жекпе-жегін екінші орта дивизионда өткізген, бірақ ол Флореспен жартылай ауыр салмақта жұдырықтасады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или