Велоспорт

«Астана» велокомандасының шабандозы халықаралық турда топ бастады

«Астана» велокомандасының шабандозы халықаралық турда топ бастады
news-banner7
mobile-news-top

Францияның оңтүстігінде беделді көпкүндік «Прованс туры» жарысы басталды. Екінші кезеңде «Астана» велокомандасының шабандозы Александр Власов топ жарды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Пелотон Обань қаласынан Ла-Сьотаға дейін 174 шақырым жүріп өтті. Власов мәреге бәрінен бұрын және жалғыз жетті. 24 секундтан кейін Team Sunweb командасының велошабандозы Вилко Келдерман келді. Ал тағы бір қазақстандық Алексей Луценко үшінші орынды иеленді. Власов жалпы есепте топ бастаса, Луценко үштікті қорытындылап тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер