Жәнібек Әлімханұлы: «Алла қаласа, кәсіпқой боксқа ауысуым мүмкін»

Жәнібек Әлімханұлы: «Алла қаласа, кәсіпқой боксқа ауысуым мүмкін»

21-жастағы қазақстандық боксшы, әлем және Азия чемпионы Жәнібек Әлімханұлының  «PROСПОРТ» тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатын назарларыңызға ұсынамыз.

PROСПОРТ Анықтамасы:

Туған жылы: 1-ші сәуір 1993-ші жыл (21 жаста)

Туған жері: Жыланды, Алакөль ауданы, Алматы облысы.

Салмақ дәрежесі: 75 келі

Жетістіктері: 2014-ші жылғы Әлем чемпионы, 2013-ші жылғы Азия чемпионы, 2014-ші жылғы Азия ойындарының жеңімпазы.

- Жәнібек, Азия ойындарындағы жеңісіңіз құтты болсын. Бәрі ойдағыдай өтті ме?

- Азия ойындарына мықты дайындалдық, сондықтан бәрі ойдағыдай өтті... Мақсатымыз жүзеге асты, ары қарай, жаттығуды жалғастырып келесі жарыстарға дайындаламын.

- Сіз әлем чемпионатын, азия ойындарын тағы басқа көптеген жарыстарда жеңімпаз атандыңыз. Ендігі мақсат - Олимпиада шығар?

- Бұйыртса, бағындырылмаған ауқымды жарыс сол ғана. Сол мақсатыма жетсем, ары қарай көре жатармыз...

- Жақында Головкин мен Рубио жекпе-жегін көрдіңіз бе?

- Көрдім, кездесу ұнады.

- Головкин қарсыласын өте жылдам құлатады деп ойладыңыз ба?

- Өзімше кездесу бес-алты раундтқа жалғасады деп ойлағам. Бірақ, жекпе-жек өте жылдам аяқталды.

- Головкинге қарсы тұра алатын боксшы бар ма? Қалай ойлайсыз?

- Білмеймін. Головкинге қарсылас жоқ сияқты, жекпе-жекке шақыратын атлет те қалмады. Мигель Котто болмаса, қалғандары қарсылас емес.

-  Альварес пен Уорд ше?

- Оларды шақырсада шықпайды ғой. Головкиннің соққылары жойқын екенін, біледі.

- Кәсіпқой боксқа ауысатын ойыңыз бар ма?

- Жоспар құрмайық. Бірақ, Алла қаласа, Олимпиада ойындарынан кейін көрерміз... Негізі кәсіпқой боксқа ауысу ойым бар. Бұл менің бала кезімдегі арманым.

- Меніңше, сіздің стиліңіз кәсіпқой боксқа жақын сияқты...

- Менің жеке бапкерім Сиқымбаев Мұрат және оның ағасы Қанат кезінде кәсіпқой бокста жұдырықтасқан. Сондықтан менің техника мен тактикам да кәсіпқойға жақын. Себебі кішкентай кезімнен мені дайындаған сол ағаларым. Өзімді шаршы алаңда еркін сезінемін. Өйткені, жақын, алыс қашықтықта жұдырықтаса аламын.

- «Төбелеске» жақынсыз ба, әлде «боксқа» ма?

- Контр-шабуылда жұмыс істегенді жақсы көремін. Қарсыластың соққысынан кейін екі есе екпінмен жауап берген де ұнайды, сондықтан боксқа жақынырақпын!

- Тура сол мәнерде Әлем чемпионатың финалында қарсыласыңызды құлатып едіңіз ғой.

- Иә-иә, дәл солай.

- Сұхбатыңызға рақмет!

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или