Исламхан Азия Чемпиондар лигасындағы алғашқы матчын өткізді

Исламхан Азия Чемпиондар лигасындағы алғашқы матчын өткізді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан «Әл-Айн» командасының сапында Азия Чемпиондар лигасындағы алғашқы матчын өткізді.

Топтық кезеңнің бірінші матчында «Әл-Айн» Иранның «Сепахан» командасын қабылдады. Бауыржан Исламхан алғашқы минуттан алаңға шығып, матчты соңына дейін ойнап шықты.

Кездесудің өзі 4:0 есебімен қонаққа келген «Сепахан» командасының пайдасына шешілді.

Айта кетейік, Азия Чемпиондар лигасының D тобында «Әл-Айннан» бөлек Иранның «Сепахан», Сауд Арабиясының «Әл-Наср» және Катардың «Әл-Садд» командалары ойнайды.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер