«Қайрат» бразилиялық футболшы үшін 2,5 миллион еуроға шығындалмақ

«Қайрат» бразилиялық футболшы үшін 2,5 миллион еуроға шығындалмақ
news-banner7
mobile-news-top

Хорватиялық Index.hr басылымының мәліметі бойынша, алматылық «Қайрат» 27 жастағы бразилиялық шабуылшы Жайро да Силва үшін 2,5 миллион доллар төлеуге дайын, - деп хабарлайды Prosports.kz порталы.

Бұл алматылық клуб үшін рекордтық сома болмақ. Сонымен қатар, дереккөздің мәліметінше, «Қайрат» футболшыға қазіргі жалақысынан көбірек беруге дайын екен. Қазір форвард хорватиялық «Хайдукте» ойнап жүр.

Осы маусымда Жайро да Силва барлық турнирде «Хайдук» сапында 23 матч өткізіп, сегіз гол мен екі нәтижелі пас авторы атанған. Оның келісімшарты 2022 жылы жазда аяқталады.

Transfermarkt порталында бразилиялық форвардтың құны - 2 миллион еуро.

«Қайраттың» Түркиядағы екінші оқу-жаттығу жиынына қатысатын құрамы

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер