Қазақстан - Словения матчының тікелей трансляциясы
Бүгін, 3 ақпанда футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы әлем чемпионатының элиталық кезеңі аясында Словениямен кездеседі, деп жазады Prosports.kz.
Кеше қазақстандықтар турнирдегі алғашқы матчын Румынияға қарсы өткізіп, 3:1 есебімен жеңіліп қалған болатын. Демек, біздің құрамаға бүгін жеңіс ауадай қажет. Екінші ойында ұпай жоғалытса, әлем чемпионатының негізгі кезеңіне жолдама ала алмай қалуы мүмкін.
Бүгінгі қарсыласымыз Словения құрамасы да алғашқы кездесуінде дәл осындай есеппен Чехиядан жеңіліп қалған.
Ал екінші жұпта румындар мен чехтер өзара кездесіп, «D» тобының көшбасшылығына таласады. Бұл ойын 23:00-де (Нұр-Сұлтан уақытымен) басталады.
Қазақстан - Словения матчының тікелей <span>трансляциясы</span> 3-ақпаннан 4-ке ақпанға ауған түні сағат 02:00-де (Нұр-Сұлтан уақыты) басталады. Ойынды біздің сайттан тікелей эфирде көруге болады.
<h4>Қазақстан Элиталық кезеңде Румыниядан жеңіліс тапты</h4>