Ресми: Бауыржан Исламхан «Аль-Айн» командасына ауысты

Ресми: Бауыржан Исламхан «Аль-Айн» командасына ауысты
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан БАӘ-нің «Аль-Айн» командасына ресми түрде ауысты, деп хабарлайды Prosports.kz порталы.

«Аль-Айн» командасы әлеуметтік желілердегі ресми парақшасында Бауыржан Исламханды таныстырды. Қазақстандық ойыншы 5 айға келісімшартқа отырған.

Бауыржан Исламхан жаңа командасында 8-нөмірді таңдап алған. Бұған дейін ойнаған «Қайрата» да осы нөмірмен өнер көрсеткен еді.

Айта кетейік, өткен маусым аяқталған соң Бауыржан Исламхан Ресейдің «Зенит» командасында қаралымда болған.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер