«Дала көкжалдары» «Қайраттан» ұпай тартып алды

«Дала көкжалдары» «Қайраттан» ұпай тартып алды

Чемпионаттың көшбасшысы алматылық «Қайрат» өз алаңында қызылордалық «Қайсарды» қабылдады.

Командалар матчты сақтықпен бастады. Алғашқы он минутта жанкүйерлер қос клуб тарапынан бір-бір шабуылдан көре алды – алдымен Сергей Струковтың соққысы әлсіз шықса, кейін Бауыржан Исламханға дәлдік жетіспеді. Кейін Жерар Гоу Сито Риераның пасын пайдалана алмады. Бірінші таймда алматылықтар допқа иелік етіп, басымдықты қолына алғанымен, Дмитрий Огай шәкірттері қорғаныста сыр бермеді.

Үзілістен кейін де Владимир Вайсс шәкірттері шабуылдарын тоқтатпады. Тек кейде дәлдік жетіспесе, кейде сәттілік жолдас болмай жатты. Ал «Қайсар» әр мүмкіндікті қалай пайдалану керектігін көрсетті. 54-минутта Владислав Нехтий жойқын соққымен допты Хомич қақпасында тулатты – 0:1. Бұл голдан кейін алматылықтар шабуылға тұра ұмтылды. Мұның жемісін 75-минутта көрді. Бірнеше ұмтылысты желге ұшырған Жерар Гоу таразы басын теңестіре алды – 1:1. Бұл есеп қайраттықдың көңілінен шықпайтын, сондықтан алаң иелері шабуылдарын тоқтатпады. Дегенмен төрешінің соңғы ысқырығы 1:1 есебін тіркеді.

Футболдан Қазақстан чемпионаты. 29-шы тур.

«Қайрат» - «Кайсар»-1:1 (0:0)

Голдар: Гоу 75 - Нехтий 54

«Қайрат»: Хомич, Плиев, Қуантаев, Михалик, Кислицын, Смақов (к), Бакаев, Исаэл, Исламхан, Риера, Гоу

«Қайсар»: Прядкин, Даутов, Яблан, Кулибали, Розыбакиев, Землянухин, Шестаков, Марушко, Нехтий, Калинин, Струков

Бас төреші: Асхат Абданбаев (Тараз)

Көмекшілері: Дмитрий Филоненко (Тараз), Дмитрий Будниченко (Экибастуз)

Алматы қ., Орталық стадион. 18 қазан 2014 жыл.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или