ММА

МакГрегор: Алдағы жекпе-жекте қан судай төгіледі

news-banner7
mobile-news-top

Конор МакГрегор UFC 246 алдындағы баспасөз мәслихатында тағы да артық айтып жіберді, дей тұрғанмен Дональд Серронмен екеуінің арасындағы жекпе-жектің көрігін одан әрі қыздырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Мен Америка топырағына оралғаныма өте қуаныштымын, мұнда ат басын тіреу - үлкен мәртебе. Дональд екеуміздің арамызда біраз проблемалар болған, бірақ одан бері көп нәрсе өзгерді. Ол мені құрметтейді.

Мен әлі де жаспын және жеңіске жетуге құштармын, осында келгеніме қуаныштымын және бүкіл ойым тек алдағы жекпе-жегімді абыроймен өткізу. Мен 2020 жылды жақсы бастаймын. Қан судай төгіледі, бірақ бұл жаманшылықтың қаны емес. Мен өзімді осы салмақта жақсы сезінемін, жанкүйерлерге қуаныш сыйлағанды қалаймын. Бұл салмақта үлкен жекпе-жектер өткізілуі керек. Мен мүмкіндігінше дайынмын», деді Конор.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер