Бокс

БАҚ: Альварес Головкинмен жекпе-жек алдында допинг дауынан сытылып шықты

БАҚ: Альварес Головкинмен жекпе-жек алдында допинг дауынан сытылып шықты
news-banner7
mobile-news-top

Ресейлік боксшы Александр Беспутиннің допинг сынамасы оң нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Спорт-Экспресс» порталы жас жұлдыздың жағдайын талдай отырып, Сауль Альварес - Геннадий Головкиннің жекпе-жегіндегі жанжалды еске алды. Сол кездері мексикалықтың кленбутерол препаратын пайдаланғаны әшкере болған еді.

«Осы уақытқа дейін ешқандай қорқынышты ештеңе болған жоқ, біз Б сынамасының нәтижесін күтуіміз керек. Жас боксшының беделіне айтарлықтай нұқсан келге қойған жоқ. Оның кінәсі дәлелденген жоқ, тіпті дәлелденбеуі де ғажап емес. Сауль Альварес Головкинмен жекпе-жек алдында кленбутерол стероидін пайдаланды, бірақ ол құны қымбат адвокаттарды жалдап, кінәсі жоқ екенін дәлелдеді, ақырында оның сапасыз мексикалық мал етін жегені анықталды», - делінген порталда.

Еске сала кетелік, бұл оқиға GGG мен Канеломен арасындағы екінші жекпе-жек алдында болған еді, ал кездесу мексикалықтың пайдасына шешілді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер