Шеремета Головкинмен жекпе-жекке дайындықты бастады

Шеремета Головкинмен жекпе-жекке дайындықты бастады

Бұрынғы Еуропа чемпионы, польшалық боксшы Камил Шеремета (21-0, 5 КО) IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннмен жекпе-жекке дайындық жоспарын жариялады, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы спортшының жаттықтырушысы Федор Ляпин TVP-ге берген сұхбатында айтты. Оның сөзінше, Шереметаның жаттығу лагері Испанияның Бенидорм қаласының маңында орналасқан. Боксшы ол жерге 20 қаңтарда аттанады.

Головкин-Шеремета жекпе-жегі 28 наурызда Чикагодағы Wintrust Arena спорт кешенінде өтеді деп жоспарланып отыр. 

Алайда бұған дейін Головкиннің IBF нұсқасы бойынша міндетті қарсыласы Шереметамен жекпе-жегі 28 наурызда өтпей қалуы мүмкін екені айтылған. Сарапшылар бұл кездесудің сәуір не мымыр айында өтуі мүмкін екенін айтады.

Головкиннің жекпе-жегі тағы да кейінге шегерілуі мүмкін

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или