UFC-дегі алғашқы қазақстандық спортшы Көкшетауда дайындалуда

UFC-дегі алғашқы қазақстандық спортшы Көкшетауда дайындалуда

Аралас жекпе-жек әлемінде беделді UFC ұйымымен келісімшартқа отырған алғашқы қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов Көкшетауда дайындалып жатыр.

Қазақстандық спортшы аралас жекпе-жектен Қазақстан құрамасының бас бапкері Баян Жанғаловтың қол астында жаттығуда. Шавкат бүгін бірнеше спарринг өткізгені жайлы Instagram-парақшасында жазды.

Өткен жылы UFC-мен келісімшартқа отырғанымен әлі күнге жекпе-жек өткізген жоқ. Жақында менеджері Саят Абдрахманов сұқбатында Шавкат Рахмонов биыл көктемде сегізбұрышқа оралатынын мәлімдеген еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или