Әлем футболы

Де Росси мансабын аяқтады

news-banner7
mobile-news-top

Италиялық жартылай қорғаушы Даниеле Де Росси мансабын 36 жасында аяқтады, деп жазады Prosports.kz.

«Бұл шешім ауыр жарақатқа немесе басқа проблемаларға байланысты емес», - деді де Росси. «Маған отбасыма қайту керек. Қызымды сағындым, ол да мені сағынады. Мен ауыр шешім қабылдап отырмын. Барлығы маған қайта ойланып көруге уақыт берді, бірақ шешім қабылданды, және бұл жерде таңқаларлық ештеңе жоқ деп ойлаймын».

Естеріңізге сала кетейік, Де Росси бүкіл мансабын «Рома» командасында өткізіп, өткен жылы ғана «Бока Хуниорсқа» ауысқан болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер