ММА

Ресми: Оспанов пен Мирзаев жекпе-жегінің өтетін күні белгілі болды

Ресми: Оспанов пен Мирзаев жекпе-жегінің өтетін күні белгілі болды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық Арман Оспанов пен ресейлік Расул Мирзаев жекпе-жегінің қашан өтетіні ресми түрде жарияланды. Бұл туралы Absolute Championship Akhmat (ACA) промоушені хабарлады.

Оспанов - Мирзаев кездесуі 6 наурызда Алматыда өтетін ACA 105 турнирі аясында болады.

Басында файтерлер 2018 жылы 10 қарашада Мәскеуде кездесуі керек болған, алайда Оспанов жарақатын алып қалған еді.

30 жастағы Оспанов тоғыз кездесуде жеңіп, үш рет жеңіліс тапқан. Ал 33 жастағы Мирзаев 18 жекпе-жекте қарсыласынан басым түскен.

Айта кетейік, қазақстандық файтер соңғы жекпе-жегінде ресейлік Алексей Полпудниковтан жеңілген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер