Головкин: «Мен боксты жақсы көремін, маған бизнес ұнамайды»

Жақын арада Геннадий Головкин Марко Антонио Рубиомен күш сынасады. Боксшымыз алдағы кездесуден не күтетін айтты, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Бұл – менің Калифорниядағы алғашқы кездесуім. Соңғы 4 жылда сол жақта тұрып жатқандықтан, бұл мен үшін өте маңызды. Бапкерім Абель Санческе рахмет, ол осы Калифорниядан, соның арқасында мықты мексикалық чемпиондармен тәжірибе өткіздім. Бұл менің стилім, менің өмірім, менің екінші үйім. Рубио керемет боксшы, оның бірнеше кездесуін көрдім, мен оны құрметтеймін, бүгінде мен үшін ең үздік қарсылас сол: Рубио – орта салмақ бойынша Мексиканың ең мықты боксшысы. <o:p></o:p>

Мен боксты жақсы көремін, маған бизнес ұнамайды. Мен үшін спорт – бірінші орында. Мен тек рингте не істеу керектігін білемін», - деді Головкин. <o:p></o:p>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или