Дәурен Ермеков: Шайқас майданына шыққанда екі есе жігерлене түстім
25 желтоқсанда GFC 23 турнирінің басты жекпе-жегінде Arlan MMA Pro Team клубының жауынгері Дәурен Ермеков орта салмақтағы GFC уақытша чемпионының белбеуі сарапқа салынған шайқаста ресейлік Артур Гусейновты жеңді. Arlan MMA Pro Team-тің ресми инстаграмына берген сұхбатында спортшы жекпе-жектің дайындығы мен барысы туралы айтып берді, сонымен қатар алдағы жоспарларымен де бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.
- Дәурен, жеңісіңіз құтты болсын. Жеңіс оңай болған жоқ. Дайындыққа аз уақыт қана бөлінді. Басында сізді Минеевпен төбелеседі деді. Оған да біраз уақыт кетті. Бірақ, соған қарамастан, сізде GFC уақытша белдеуі бар. Жалпы, жекпе-жек пен оған дайындық барысын айтып беріңізші.
- Біріншіден, құттықтауларыңыз үшін көп рахмет. Ия, уақыт тапшылығы болды, жекпе-жекке мен бар болғаны үш апта дайындалдым. Arlan MMA Pro тобына көп рахмет. Олар жігіттерді Ақтөбеге менің жаттығуларыма жіберді. Қарсылас тәжірибелі, мықты.
- Бірінші раундты сіз өте жылдам бастадыңыз...
- Иә, бірінші раундта аяқтаймын деген жоспар болды. Бірақ, ол ойым іске аспады, қарсылас та әбден қарсыласты, тіпті соққылар да бағыттап жіберді.
- Физикалық тұрғыда өзіңізді қалай сезіңдініз?
- Ол жағынан проблема бола қойған жоқ. Мен салмағымды дұрыс реттедім, сондықтан мен функционалды және физикалық тұрғыдан жақсы дайындалдым.
- Екінші раундтан кейін бұрыштағы жігіттер қандай ақыл-кеңес берді?
- Олар «бір раунд қалды, сен қазірдің өзінде алда келе жатырсың, үшінші раундта шыдап, осы бетіннен таймасаң, жеңіс сенің қолында» деді.
- Айтыңызшы, киім ауыстыратын бөлмеде сіздің алдынызда жекпе-жекке шыққан жігіттердің өнер тамашаладыңыз ба?
- Ия, әрине, мен біздің жігіттердің барлық жекпе-жегін көрдім, бәріне алаңдадым. Көбісі жетістікке жетті, бірақ жеңілгендерге айтарым, мойымау керек, бәрі алда. Олар жетістікке жетеді деп ойлаймын, өйткені біз бір командамыз.
- Сіз шайқасқа шыққанға дейін әріптестеріңіздің көбісі қарсыластарынан ұтылды. Сәбит те, Жасұлан да жекпе-жектерін сәтсіз аяқтады. Сізге бұл жағдай әсер етті ме? Мен де жеңіліп қалмасам игі еді деген қорқыныш болды ма?
- Жоқ, керісінше, мен шынымды айтсам, өзімді қайрап отырдым. Жігіттер жеңіліске ұшырады, сондықтан мен міндетті түрде жеңуім керек еді, өйткені бізді қолдауға келген жанкүйерлер өте көп болды. Шайқас майданына шыққан кездегі сезінген қолдауды айтып жеткізе алмаймын. Екі есе жігерлене түстім.
- Алдағы жоспар қандай? Чемпионмен төбелесу ойыңызда бар. Минеевпен жекпе-жек өткізуге қалай қарайсыз?
- Біз бапкерлер құрамымен бәрін, болашақта не істеу керек, жоспарлар туралы талқылаймыз. Fight Nights, менің білуімше, сәуір айында Минеевпен жекпе-жек өткізуді ұсынып отыр және GFC чемпионы туралы, оның қашан қалпына келетінін әлі білмеймін. Бірақ оның инстаграмына қарағанда, ол қалпына келеді.
- Жақында сіз әлем чемпионатына қатыстыңыз. Сізде қысқа мерзімде дайындала алмаймын ау деген ішкі қорқыныш болды ма?
- Әлем кубогынан кейін досым екеуміз АСА-ға келдік, ал 1 желтоқсанда біз бәрін талқылауға үстел басына отырдық. Ггер мен қателеспесем, Сергей, GFC директоры: «Сіздер 25 желтоқсанда жекпе-жектер өткізетіндеріңізді білесіздер ме?» - деді. Мен біраз ойландым да: «Ал қарсылас кім?» дедім. Алдымен олар маған Шавкатпен соғысқан тәжік Адиловты атады. Мен: «Жарайды, келісемін» дедім. Бұған дейін мен оның бір жекпе-жегін көргенмін, төбелесуге болады деп ойладым. Бір аптадан кейін олар менің қарсыласымды ауыстырып, Гусейновты ұсынды.
- Алматыдағы маңызды жекпе-жегіңіз аяқталды. Құпия болмаса, кездесу алдындағы жоспарыңызды айта беруге болатын шығар?
- Қарсылас - жиі соққы бағыттайды, әрі нокаутшы. Онымен күресуге, қашықтықты сақтап қалуға, ұруға жол бермеуге мәжбүр болдым. Оның «Торнадо» лақап аты да бекер емес қой. Ұзақ уақыт партерде алысып, әбден қажытып, жекпе-жек аяғында соққы бағыттай алмайтындай етіп шаршату басты жоспарымыз болды.