Бокс

«Соққының астына алады». Шетелдік БАҚ Елеусіновтің кезекті жеңісін болжады

«Соққының астына алады». Шетелдік БАҚ Елеусіновтің кезекті жеңісін болжады
news-banner7
mobile-news-top

RT Sports журналисі Дэнни Армстронг қазақстандық Данияр Елеусінов (9-0, 5 КО) пен британиялық Джош Келли (10-0-1, 6 КО) арасындағы ықтимал жекпе-жек жайлы пікірін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

«Джош Келли Данияр Елеусіновке қарсы. Брук – Головкин кездесуінің кезінен бері бұл қазақстандықтың британды бір жақты соққының астына алуы болмақ», - деп жазды Армстронг твиттерде.

Естеріңізге салсақ, Елеусінов пен Келли 2016 жылы Олимпиаданың 1/8 финалында жұдырықтасқан. Сонда қазақстандық боксшы үш раундта да жеңіске жеткен еді. Кейін британиялық боксшы кәсіпқой рингте реванш алатынына сенімді екенін айтқан болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер