Ауыр атлетика

Раушан Мешітханова Дохадағы лицензиялық турнирде кіші қола медаль иегері атанды

Раушан Мешітханова Дохадағы лицензиялық турнирде кіші қола медаль иегері атанды
news-banner7
mobile-news-top

Ауыр атлетикан Дохада (Қатар) өтіп жатқан лицензиялық турнирде қазақстандық қыздар тақтайтұғырға көтерілді, деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК-қа сілтеме жасап.

Бүгінгі жарыс күнінде екі қазақстандық ауыр атлет қыз өнер көрсетті.

Ең жақсы нәтижені 87 келі салмақта Раушан Мешітханова көрсетті. Ол 216 келіні (99 + 117) көтеріп, 4-орынға тұрақтады. Айта кетейік, ол серпи көтеруде кіші қола медаль жеңіп алды.

Екатерина Быкова 76 келі салмақта 210 келіні (93 + 117) көтеріп, тек 7-ші орынға жайғасты.

Сурет: ҰОК.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер