Головкин vs Рубио кездесуі KAZsport арнасында көрсетіледі

«KAZsport» телеарнасының директоры Диас Ахметшәріп Геннадий Головкин мен мексикалық Марко Антонио Рубио арасындағы жекпе-жекке байланысты қосымша ақпарат айтты, деп хабарлайды арнаның ресми сайты.

«Трансляция 19-қазанда Астана уақыты бойынша таңғы 07:00-де «KAZsport» телеарнасында басталады. Сонымен қатар, Головкин мен Рубио жекпе-жегі алдында тағы 3 кездесу көрсетеміз. Осыдан кейін Головкин мен Рубио жекпе-жегін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен «KAZsport» телеарнасы қатар көрсетеді», - деді Диас Ахметшәріп.

Еске сала кетейік, Геннадий Головкин мен Марко Антонио Рубио жекпе-жегін 19-ші қазан күні Карсондағы (Лос-Анджелес, Калифорния штаты) StubHub Center аренасында өтеді. Оны «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или