Смақов пен Мұсатаев Қазақстан - Чехия матчында комментатор болады

Смақов пен Мұсатаев Қазақстан - Чехия матчында комментатор болады
<p style="text-align: justify;"> <strong>Алматылық &laquo;Қайраттың&raquo; капитаны Самат Смақов пен ҚФФ спорт директорының орынбасары Қанат Мұсатаев Қазақстан - Чехия кездесуiнiң тiкелей эфирiне сарапшы-комментатор ретiнде шақыртылды, деп хабарлайды ҚФФ сайты.</strong></p> <p style="text-align: justify;"> &laquo;Еуро-2016&raquo; iрiктеу додасы &laquo;А&raquo; тобының үшiншi туры аясындағы Қазақстан - Чехия кездесуiнде жарақатына байланысты аталмыш ойыннан тыс қалған Ұлттық құрама ойыншысы Смақов орыс тiлдi комментатормен бiрге сарапшы болса, Мұсатаев тiкелей трансляцияда мемлекеттiк тiлде эксперт болмақ. Айта кетейiк, бұған дейiн Қазақстан - Латвия кездеуiне Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншылары Андрей Карпович пен Қайрат Нұрдәулетов комментатор болған.</p> <p style="text-align: justify;"> Ойынның трансляциясы &laquo;Қазақстан&raquo; және &laquo;KazSport&raquo; телеарналарында сағат 21:40-та эфирге шықса, матчтың өзi сағат 22:00-де басталады. Билеттер &laquo;Астана-Арена&raquo; стадионының кассалары мен &laquo;Меломан&raquo; сауда дүкендерiнiң желiлерiнде сатылады.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или