Жағы сынса да сағы сынбаған. Кебісбаевқа ота жасалды (ВИДЕО)

Грек-рим күресінің шебері таяуда Инчхонда аяқталған Азия ойындарында, қола медальға қол созған Алмат Кебісбаев көзсіз ерлік көрсетті. Жартылай финалда ол Солтүстік Кореяның сайып­қыранымен күш сынасады.

Бәсеке барысында Кебісбаев ауыр жарақат алып есінен танып қалады. Миы қатты шайқалып жағы сынса да сағы сынбаған оғлан қола ме­даль үшін бәсекеге шықты.

Елге оралған соң пышақтың астына жатып ота жасатқан спортшы дем алыс күні емханадан шықты. Дәрігерлердің айтуынша, балуан ақырындап оңалып келеді. Батыр ұл ауруханадан шыққан сәтте оны жанкүйерлер қуанышпен қарсы алды.

Қазақтың қайсар ұлы: «Жан - ар садағасы, елге құралақан қайтқаным жөн емес деп» шешкен ақтық айқас алдында.

Бапкері Боранбек Қоңыратовтың айтуынша Алмат үшінші орын үшін айқас алдында ауыр халде болған. Қайсар мінезі мен текітілігінің арқасында қандасымыз қола медаль үшін белдесуде жеңімпраз атанған.

2 айдан кейін балуанымыз қайта боз кілемге шығады. Дәрігерлердің болжамы осындай. Қазақ туын көкке көтеріп жау алдында именбеген ержүрек батырға сәттілік тілейміз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или