ММА

UFC МакГрегор - Серроне кездесуінің өтетінін ресми түрде жариялады

UFC МакГрегор - Серроне кездесуінің өтетінін ресми түрде жариялады
news-banner7
mobile-news-top

ММА әлеміндегі жетекші промоушен саналатын Ultimate Fighting Championship (UFC) ирландиялық Конор МакГрегор (21-4) мен америкалық Дональд «Ковбой» Серроне (36-13) арасындағы жекпе-жектің өтетін күні мен орнын белгіледі, деп хабарлайды Prosports.kz.

МакГрегор мен Серроне 18 қаңтар күні Лас-Вегастың T-Mobile Arena кешенінде өтетін UFC 246 турнирінде жартылай орта салмақ дәрежесінде кездеседі.

Конор ресейлік Хабиб Нурмагомедовтен ұтылғаннан кейін, алғаш рет октагонға шыққалы отыр.

Серроне биылғы жылы октагонға төрт рет шығып, екеуінде жеңіске жетсе, соңғы екі жекпе-жекте Тони Фергюсон мен Джастин Гейджадан жеңілді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер