Қазақстан құрамасының Амстердамдағы алғашқы жаттығу

Қазақстан ұлттық құрамасы Амстердамда Еуропаның ең әйгілі клубтарының бірі «Аякс» базасында алғашқы жаттығуын өткізді, деп хабарлайды ҚФФ ресми сайты.

Сейсенбі күні Амстердамға аяқ басқан Қазақстан ұлттық құрамасының футболшылары Sofitel Legend The Grand Hotel Amsterdam қонақүйіне қоныстанды. Ал сәрсенбі күні Юрий Красножан шәкірттері әйгілі «Аякс» базасында алғашқы жаттығуын өткізді. Өкінішке қарай, Нидерланды астанасына жарақаттарына байланысты команда капитаны Таңат Нөсербаев, қорғаушы Юрий Логвиненко және жартылай қорғаушылар Георгий Жуков, Бауыржан Исламхан мен Евгений Коструб келе алмады.

- Иә, бұл футболшыларға үміт арта алмайтынымыз өкінішті. Әрқайсысының әртүрлі жарақаттары бар. Сондықтан, медициналық тексерістің қорытындыларымен таныса келе бапкерлер алқасы бұл футболшылардың денсаулықтарымен тәуекелге бармауды шешті. Астанада олар жеке бағдарлама бойынша Виктор Кумыковтың қарамағында жаттығуда. Дегенмен, бұл футболшылардың жоқтығына қарамастан команда ертең «Амстердам-Аренада» бар өнерлерін ортаға салатын болады. Еңсе түсірмейміз, жігіттердің көздері жанып тұр. Жанкүйерлеріміздің қолдауына үміт артамыз, - деді құрама командалар департаментінің директоры Владимир Нидергаус.

Айта кетейік, Нидерланды мен Қазақстан ұлттық құрамалары бірінші рет кездескелі тұр. Ойын Амстердамның әйгілі стадионы «Амстердам-Аренада» Астана уақытымен сағат 00:45-те басталады. Кездесуді тікелей эфирден «Қазақстан» ұлттық арнасы арқылы тамашалай аласыздар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или