Чемпиондар Лигасы. «БИІК-Қазығұрт» немістің «Франкфуртіне» төтеп берді

Әйелдер футболы арасындағы Қазақстан чемпионы «БИІК-Қазығұрт» Чемпиондар лигасының 1/16-финалында немістің «Франкфурт» командасымен кездесіп, керемет сенсацияның авторы атанды.

Қазақстан командасы УЕФА Чемпиондар лигасы мен Кубогының үш дүркін жеңімпазы, Германияның бірнеше дүркін чемпионы және Германия кубогының бірнеше дүркін иегері «Франкфурт» командасымен 2:2 есебімен тең түсті.

Бірінші таймда командалар бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алмағанымен екінші таймда көрермендерді төрт голмен қуантты. Алдымен 56-минутта қазақстандық Гүлнара Габелия есеп ашса, көп ұзамай Вероника Букет есепті теңестіріп үлгерді. Бұдан кейін қонақтар алға шықты. Кездесудің аяқталуына небәрі бес-ақ минут қалған еді. Осылайша ойын соңына жетіп қалған. Жеңіс «Франкфурттың» еншісінде кетеді-ау деп болжап қойғандар да аз емес еді. Дегенмен, біздің қыздар соңына дейін тырысты. Нәтижесінде төреші қосқан қосымша уақытта Николета Николевич тура соққысымен таразы басын теңестіре алды. Қорытынды есеп – 2:2

Енді жауапты ойын 16 қазанда Германияда өтеді.

Чемпиондар Лигасы.

«БИІК-Қазығұрт» (Қазақстан) - «Франкфурт» (Германия)

Голдар: Гүлнара Габелия (1:0), Вероника Букет (1:1), - (1:2), Николета Николевич (2:2)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или